Марқұмның отбасы мүшелері еңбек инспекциясынан көмек сұрап отыр
Екібастұздағы «Шығыс» көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға көмір кенішіндегі жанар-жағармай қоймасының бақылау-өткізу бекетінде болған. «Шығыс» кеніші – «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ филиалы. Сол жерде өзге ұйымның көлік жүргізушісі жүк автоцистернасының кабинасын көтеріп, ішіне үңіліп қараған.
Сол кезде кабина төмен түсіп кетті. Ал ер адам қысылып қалған. Ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, - дейді компания мамандары.
Қайғылы оқиға дүйсенбі күні түнде болған. Қазір марқұмның отбасы мүшелері арыз жазып, еңбек инспекциясынан көмек сұрап отыр.