×

Oceans Enterprise қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі Қазақстанға қайтарылды

Алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі – 212 млн теңге

 Динара Амантай 08.11.2023 | 12:25
Фото: polisia.kz

Oceans Enterprise қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың бірі Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрау салуы бойынша Түркия Республикасының аумағында Маңғыстау облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадициялау мақсатында халықаралық іздеу жариялаған 32 жастағы қазақстандық анықталып, ұсталды.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ол облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына тартқаны үшін іздестірілген. Күдікті «Oceans Enterprise» компаниясының атынан әрекет ететін алаяқтық топты ұйымдастырушылардың бірі болды. Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін «Smart Trade Сoin» деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысқан.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түсті. Алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі – 212 млн теңге, – делінген полиция хабарламасында.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ол Астана қаласына жеткізіліп, қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама