Halyq Uni логотип
×

Сара Назарбаева ұлттық комиссия құрамынан шығып қалды

Тоқаев 2006 жылғы президент жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізді

 Ербол Тұрымбет 18.05.2022 | 18:16
Сара Назарбаева ұлттық комиссия құрамынан шығып қалды
фото: stanradar.com

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Ұлттық комиссияның құрамы жаңартылды – Сара Назарбаева, Сенат депутаты Ләззат Қалтаева, «Отбасы банкінің» басшысы Ләззат Ибрагимова, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова, ҚАЗҰӨУ ректоры Айман Мұсходжаева және т.б. шығарылды.

Жарлықпен бекітілген Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына мына адамдар енгізілді:

  • Қарақат Әбден – «Қазақ қызы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
  • Алина Әбдірахманова – кәсіпкер, «М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ бизнес-мектебінің басшысы (келісім бойынша);
  • Зульфия Байсақова – «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша);
  • Гурина Марианна – «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша);
  • Лаура Демесінова – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ инвесторлармен жұмыс және бизнесті қолдау секторының басшысы (келісім бойынша);
  • Назым Жанғазинова – NazymPR коммуникациялық агенттігінің негізін қалаушы (келісім бойынша);
  • Баян Жандосова – «Қазақстан Республикасының республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
  • Айнұр Жүгінісова – кәсіпкер, продюсер, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
  • Снежанна Имашева –Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);
  • Айман Исина – «Жезқазған қаласы бойынша іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
  • Раушан Қажыбаева – «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры (келісім бойынша);
  • Гүлмира Қанай – «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры (келісім бойынша);
  • Лаура Қарабасова – «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры (келісім бойынша);
  • Динара Құсаин – отбасылық даму және балалар қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі сарапшы, Amansabi.kz балалар қауіпсіздігі жөніндегі ресурстың негізін қалаушы (келісім бойынша);
  • Татьяна Миронюк – «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша);
  • Рыиза Молдашева – «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС директоры – бас редакторы (келісім бойынша);
  • Найля Мұхтарова –Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту департаментінің директоры;
  • Бибігүл Нұрашева – еңбек және кәсіподақ құқығы саласындағы сарапшы, Academy of labour relations бас директоры (келісім бойынша);
  • Айман Омарова – адвокат, құқық қорғаушы, AU онлайн-құқықтық мектебінің негізін қалаушы (келісім бойынша);
  • Гүлнар Омарова – Senimen Bolashaq республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының кеңесшісі (келісім бойынша);
  • Элина Паули –Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары;
  • Елена Семидоцких – кәсіпкер, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар ұйымының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облысы Аналар кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);
  • Гаухар Тасбергенова – «Рухани Қазына» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша);
  • Клара Төленбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі (келісім бойынша);
  • Татьяна Цветкова – «Өскемен қаласының іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы (келісім бойынша);
  • Гүлмира Шалабаева – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша);
  • Нәзипа Шанаи – Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
  • Әзиза Шөжеева – кәсіпкер, Techno Woman коммерциялық емес ұйымының президенті, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша);
  • Жұлдызай Ысқақова – «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Халықаралық қатынастар факультетінің аға оқытушысы, Қазақстандық қоғамдық даму институтының талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының талдаушы-менеджері, саясаттанушы (келісім бойынша).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама