Жезқазғанда салмағы 6 келіге жуық қыз дүниеге келді
Мамандар қазір салмағы ірі сәбилер жиі кездесетінін айтып отыр
Жезқазған перинаталдық орталығында салмағы 6 келідей болатын қыз бала дүниеге келді.
«Хабар 24» телеарнасына сұхбат берген мамандар қазір салмағы ірі сәбилер жиі кездесетінін айтып отыр.
Сондай-ақ Ұлытау облысында соңғы бірнеше жылда бала туу көрсеткіші артқан. Жыл басынан бері өңірде 2 815 сәби дүниеге келген.
Біздің перзентханада туу көрсеткіші жыл сайын өсіп келеді. Дәрігерлер жүкті әйелдер мен босанатын әйелдерге шұғыл және жоспарлы көмек көрсетеді. 9 айда ана өлімі тіркелген жоқ, нәресте өлімін азайтып жатырмыз, - деді облыстық көпсалалы аурухана акушерлік бөлімшесінің меңгерушісі Ғайнура Әбішева.