Шығынды өтеу бойынша арнайы әдістеме жоқ
Қазақстанда егінін киік таптаған шаруаларғдың шығыны өтелмейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлады Halyq Unі тілшісі.
Қазақстан бойынша киіктер 1 млн егін алқабын таптап кеткен. Оның 800 млн гектары көпжылдық дақылдарға арналған. Фермерлерде шығын болмаған. Сондықтан мұнда ешқандай өтемақы жүрмейді. Себебі белгілі бір әдістеме де жоқ. Сондықтан әдістемені әзірлеу керек, - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.
Айдарбек Сапаров киіктерді аулау мен атуға қатысты шешімді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қабылдайтынын атап өтті. Айтуынша, ет комбинаттарында ветеринарлық дәрігерлер жұмыс істейді.
Олар киіктерді сойғанда оның етіне сараптама жүргізіп, сапаны анықтап, ветеринарлық қауіпсіздікке жауап береді. Бұл ет комбинаттары киіктің етін өздері сатады. Бүгіннен бастап мониторинг жүргіземіз.
Олар бізге жергілікті әкімдік арқылы, яғни Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаментіне есеп береді. Біз қайда, қанша керек екенін айтып отырамыз», - деді ведомство басшысы.