ШҚО Ертіс ауылдық округінің әкімдігі Прапорщиково ауылындағы Комсомольская көшесінің көпбалалы ана Нұрғаным Құсайынованың құрметіне өзгертілгенін хабарлады.
Бұл – жұбайымен бірге 6 баланы дүниеге әкеліп, өсірген көп балалы ана. Құсайыновтар отбасының барлық баласы ауданның қоғамдық өміріне белсене араласады, - деді әкімдік өкілдері.
Ал Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында жергілікті әкімдік, керісінше, үйі апаттық жағдайдағы көпбалалы отбасына тағы бір қирағалы тұрған баспана ұсынған.
Енді осыдан кейін әкімдіктердің табалдырығын 6 бала тапқан әйелден артықшылығын көрсетіп, 10-15 баланың аналарына бір-бір көшенің атауын сұраушылар тоздырып жүрмесін...