Жетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Екі жолаушы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды
Жетісуда жол апатынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек – Көктал автожолының 93-шақырымында болған.
21 жастағы Toyota Camry жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылған. Оқиға орнында 35 жастағы жолаушы әйел қаза тапты. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.