Halyq Uni логотип
×

Әйелін ұрған Қостанай тұрғыны полицейлердің көлігінен қашып кеткен (ВИДЕО)

Тәртіп сақшылары 37 жастағы ер адамды ұстап, учаскелік инспекторға жеткізген

 Еркеғали Болатұлы 06.11.2023 | 16:14
Әйелін ұрған Қостанай тұрғыны полицейлердің көлігінен қашып кеткен (ВИДЕО)
фото: Halyq Uni

Қостанайда сүйіктісін ұрып-соққан және оқиға орнына келген полицейлерден қашып кеткен тұрғынға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлады alau.kz.

Бұған дейін полиция өкілдері 30 қазанда бір әйелдің полицияға жүгініп, күйеуімен жанжал шыққанына шағымданғанын хабарлаған. Ол сүйіктісінің жұмысында жанжал шығарыпты. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 37 жастағы ер адамды ұстап, учаскелік инспекторға жеткізген.

Полицейлер ер адамнан алкоголь иісі шығып тұрғандықтан, медициналық куәландыруға жеткізген. Жол бойында ол тәртіп сақшыларының көлігінен шығып кеткен. Сондықтан оған қатысты екі бірдей әкімшілік өндіріс (ұрып-соғу және полицияның талабын орындамау) ашылған.

Сотта азамат Е. аталған әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 103 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл және ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды, - деп жазды басылым.

Соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама