28 қазанда Костенко көмір шахтасында 46 кенші қаза тапты
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «АрселорМиттал Теміртаумен» бірлесіп компанияның жұмысына қатысты мәлімдеме жасады.
Министрлік 2023 жылдың 28 қазанында ArcelorMittal Temirtau компаниясының Костенко көмір шахтасында апат салдарынан 46 кеншінің қаза тапқанын айтып өтті. Қаза тапқан кеншілердің отбасын қолдау үшін шаралар қабылданып, оқиғаның себебін анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal компаниясының ArcelorMittal Temirtau меншігін Қазақстан Үкіметіне беру жөніндегі хабарламалары туралы айтылды. Бұл келіссөздер бірнеше ай бойы жүргізілді және АМТ-ның, сондай-ақ оның еншілес кәсіпорындарының болат және тау-кен операциялары қызметінің болашағына қатысты жақында Қазақстан Үкіметі мен ArcelorMittal алдын ала келісімге келді», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Осы ретте ArcelorMittal Temirtau-дың ішкі және аймақтық нарықтағы ең маңызды болат жеткізушілердің бірі екені айтылған.
Көптеген жыл ішінде компания барлық таңдалған нарықта өзін болат тұтынушылары үшін стратегиялық серіктес ретінде көрсете білді. Сондықтан АМТ қызметінің тиімді әрі жоспарлы түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және барлық мүдделі тараптарға қолайсыздықтар туғызбау үшін барлық күш-жігер жұмсалады, – делінген ақпаратта.
Осылайша екі тарап барлық мүдделі тарапты, әсіресе AMT клиенттерін, мердігерлерін, жеткізушілеріне қатысты мәлімдеме жасады:
AMT өз клиенттері үшін сенімді серіктес және де болашақта солай болуға тырысады, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Қарағанды облысында апат болғаннан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апат болған өңірге барып, Үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртауды» Қазақстан тарихындағы ең нашар компания деп атады.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма бердім. Бұл мекеме Үкіметпен және кәсіпорынмен ынтымақтастық тұрғысынан біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды. Енді кәсіпорынның өзіне қатысты шаралар қабылдау туралы ойлануымыз керек. Басин Вадим Борисович деген азамат бар. Сіздер оны білесіздер. Ол бір кездері «АрселорМитталда» жұмыс істеген. Облыс әкімінің орынбасары болды. Мен оған қайтып келіп, кәсіпорынды басқаруды тапсырамын. Кәсіпорынның қазіргі басшылығының қолынан ештеңе келмейді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.