«Әйелдер ерлерден 9 жыл артық өмір сүреді»: министр зейнетақы мәселесі туралы айтты
63 жасқа дейін жұмыс істеу қаншалықты қиын екенінің талданбайтынын ескертті
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде әйелдердің зейнет жасын 63-тен 58-ге дейін төмендету талабын құптап отыр.
Ол Қазақстандағы әйелдердің медициналық көмекке қаншалықты жиі жүгінетінінің және денсаулығына байланысты 63 жасқа дейін жұмыс істеу қаншалықты қиын екенінің талданбайтынын ескертті. Сонда да олардың ғұмыры ұзақтау болатын көрінеді.
«Егер Еңбек министрлігі жұмыс тобын құрса, біз міндетті түрде атсалысып, қандай мәселе екеніне байланысты мамандарды тартамыз. Әйелдерге келетін болсақ, Қазақстандағы олардың өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда 9 жылға артық деп айта аламын», - дейді министр.
Жуырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендету бойынша Қазақстан әйелдерінің қозғалысы өкілдерімен кездесу өткізді.