Арнайы комиссия құрылды
Ұлытау облысындағы «Шығыс Жезқазған» кенішінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қайғылы оқиға кеше, 5 қарашада болған.
«Шығыс Жезқазған» кенішінің №57 шахтасында жазатайым оқиға болды. 1984 жылғы тау-кен шебері жұмыс істеп жатқанда жарақат алып, көз жұмды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр, - деп жазылған «Қазақмыс» таратқан хабарламада.
Компанияның басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.