Нысан жылыту маусымына дайын
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматыға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Министр «Алматы электр станциялары» АҚ ЖЭО-2 және «Алматыжылужайэнерго» ЖШС «Орбита» қазандығының қалай жұмыс істеп жатқанын білді. Сондай-ақ №2 ЖЭО-да кеңес өткізді. Оған Алматы қаласы әкімдігі мен «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері қатысты. Жиында жылыту маусымы сөз болды.
ЖЭО-2 өкілдері EPC газға ауыстыру бойынша мердігер анықталғанын, жұмыстар басталғанын айтты. Жұмыс 2024 жылы басталып, 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Осылайша, қаладағы №2 жылу электр орталығы газға көшеді, - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар №2 ЖЭО-да №3 қазандық пен №1, 2 турбиналарға күрделі жөндеу жұмысы аяқталғаны белгілі болды. Ал №5 қазандықты күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға жақын.
Биыл қарашаның соңында «Алматы электр станциялары» АҚ бойынша жөндеу аяқталады. Күзгі-қысқы уақыттағы жағдайға дайындық паспорты алынды, - деп жазылған хабарламада.