Ұлытау облысында кәсіпкерді бопсалағандар сотталды
Күдіктілер бетперде мен қолғап киіп, жәбірленушіні ұрып, 20 млн теңге талап еткен
Ұлытау облысында кәсіпкерден 20 млн теңге талап еткен бірнеше адам сотталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, тергеу кезінде олардың өзара ақылдасып, қылмыс жасағаны анықталды. Онда әйел адам жәбірленушімен кездейсоқ танысуды ұйымдастырып, оны топтың басқа мүшелері жасырынып отырған пәтерге шақырған. Пәтерде жасырынған адамдар бетперде мен қолғап киіп, жәбірленушіні ұрып, 20 млн теңге талап еткен.
Алайда ойлары іске аспаған соң, бопсалаушылар жәбірленушінің барсеткасынан 70 мың теңгені алып, қылмыс орнынан қашып кеткен.
Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен ер адамдар 10 және 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал әйел 7 жылға сотталды.