Ерболат Досаев Алмалы ауданын аралады
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданын аралау барысында Әйтеке би көшесі – Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі жолды ұзарту жұмыстарының барысымен танысты.
Бұдан бұрын биыл мамырда Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы қаласының басшысы Әйтеке би көшесін ұзарту жоспарын айтқан еді. Құрылыс көше-жол желісінің жүктелу деңгейін төмендету, сондай-ақ ауданның көлік инфрақұрылымын дамыту қажеттілігінен туындады.
2023 жылдың маусымында «АлматыДорстрой компаниясы» ЖШС мердігерлік ұйымы қалалық мобильділік басқармасының (ҚМБ) тапсырысы бойынша Әйтеке би көшесі – Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі жолдың құрылысын бастады, ол 2023 жылдың қазан айында жол жұмыстары жоспарға сәйкес мерзімінде аяқталды.
Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев Алматы әкіміне объектіні уақтылы пайдалануға беру туралы есеп берді.
Инженерлік коммуникацияларды қайта құру жүргізіліп, сыртқы жарықтандыру орнатылды. Сондай-ақ, жол белгілерін жасау, орнату жұмыстары аяқталды. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Әйтеке би көшесінде көлік тек оң жаққа қарай қозғалатын болады. Батыс бағыт бойынша жүретін кезде тиісті жол белгісі орнатылады, тікелей, солға және оңға жүруге болады, - деді ҚМБ басшысы.
Көліктік қызмет көрсету сапасын арттыру, жол апатын азайту және көліктің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту мақсатында қалалық мобильділік басқармасының тапсырысы бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл радиалды жолдарды ұзарту:
Сонымен қатар ішкі магистральдық көшелерді ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр: