«Діни сенімін құрметтеймін» – Сенегал президенті ЛГБТ формасын кимеген ПСЖ ойыншысын қолдады
Идрисса Гейе қызтекелер мен лесбиянкаларды қолдаудан бас тартқан
Сенегал президенті Макки Салл өзінің Twitter-дегі парақшасына ЛГБТ қауымдастығын қолдаудан бас тартқан отандасы, француздық «Пари Сен-Жерменнің» жартылай қорғаушысы Идрисса Гейені қолдаған жазба қалдырды.
Мен Идрисса Гейені қолдаймын. Біз оның діни сеніміне құрмет көрсетуге тиіспіз, – деп жазды Маки Салл.
Еске сала кетсек, Гейе Монпелье (4:0) алты түске боялған нөмірлі футболкамен ойнағысы келмей, алаңға шықпай қойды. Мұндай формада 1-ші Лига клубтары бүкіл әлемде 17 мамырда тойланатын Халықаралық ЛГБТ-фобияға қарсы күнінің құрметіне алаңға шыққан болатын.
Футболшы матчтың алдын ала өтініміне енгізілген еді, бірақ соңында алаңға шықпады. Бір жыл бұрын да осындай жағдай болған. Гейе былтыр осы себеппен «Реймспен» ойынды өткізіп алған, ал ресми себеп бойынша оның «асқазаны ауырған».
Айта кетсек, ПСЖ турнирдің аяқталуына бірнеше тур қалғанда Франция чемпионы атанды. Монако 37 матчтан 68 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша Марсельді басып озып, екінші орында тұр.