×

Семейде өртенген 60 мың гектарды тазалау 10 жылға дейін созылуы мүмкін

Қазақстанның орман шаруашылығында 17 мыңға жуық маман бар

 Айнұр Шошаева 02.11.2023 | 12:51
Фото: aif.ru

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстаннан орман шаруашылығы 3 млн га көбейген, деп хабарлайды Halyq Uni

ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы Мәди Нұрпейісовтің айтуынша, еліміздің орман қорын бақылауға мүмкіндік беретін «Қазақстан ғарыш сапары» АҚ бірлесіп жасалған геопортал бар. Онда еліміздің орман қоры, қай жерінде заңсыз ағашк келсілген, өрт болған, құрылыс салынғанын көрсетіледі. 

Алдымызда оның мүмкіндігін жақсарту, оның ішінде жедел әрекет ету уақытын қыстарту міндеті тұр. Егер спутниктік түсірілімдер әр 4 -6 сағат аралығында болса, соның уақытын қысқарту қажет. Түсірілім уақыты қысқарған кезде орман иеленушілері ақпаратты дереу алып отыратын болады, - деді ол. 

Бүгінде Қазақстан жер көлемі үлкен болғанымен, аумағының небәрі 5 пайызы ғана орманды алқап. Алайда оның тең жартысын сексеуіл алып жатыр. Сондықтан орманы аз елдердің қатарына жатады. 
Еске сала кетейік, былтыр Қостанай облысында, биыл Абай облысында орман өрті болды. Екі өңірдегі өрт салдарынан 100 мың га жуық алқап өртенді. 

Осы екі өрттен кейін мемлекеттік орман шаруашылығы саласының проблемалары көретіліп, біртіндеп шешімін таба бастады. Алдымен орман шаруашылығын материалдық-техникалық базасын жақсарту: өрт сөндіру техникасы, патруьдік көліктер алынды. Биыл 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды. Оны іске асыру үшін 68 млрд теңге қарастылып отыр. Биылғы жылға 13,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік  орман иеленушілерге техникалар мен қажетті құрал-жабдықтарды сатып алынып жатыр. Мысалы, биыл 51 өрт сөндіру техникасы, 129 трактор, кішігірім техникалар алынды. Сонымен қатар әлі де өрт сөндіру техникаларын алу бойынша конкурстық процедуралар өткізіліп жатыр. Бұған қоса, орманшыларды арнайы киім-кешекпен қамтамасыз ету үшін үкімет резервінен 918 млн теңге бөлініп, жеке қорғаныс құралдарын алу үшін процедура жүргізіліп жатыр, - деді басқарма басшысы. 

Сондай-ақ ол елімізде орман қорын толықтыру жұмысары қалай істелетінін айтып берді. 

Орман барлық жерде өсе бермейді. Ең алдымен отырғызу жұмыстары үшін тұқым жинау керек. Ол тұқымды сеуіп, көшет дайындап, одан кейін отырғызатын жерді әзірлеу, күтіп-баптау жұмысы бар. Одан кейін орманға ауыстыру жұмысы бар. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары орман қоры 10 млн га болды. Қазір 13,7 млн га орман бар. Орманды көбейту жұмыстары жүріп жатыр. Елімізде «Қазақ орман орналастыру» мекемесі бар. Сол қай жерге орманды отырғызуға болады немесе болмайтынын анықтау үшін зерттеумен айналысады. Жылда топырақты зерттеу жұмыстары істеледі. Соған сәйкес, ағаш, бұта отырғызылады. Бүгін отығызған бұтаны ертең ағаш ретінде қабылдамаймыз. Алдымен сеппе егіледі. Ол егілген соң қылқан жапырақты үшін 10 жыл, жалпақ жапырақты үшін 5 жылдан соң есептеу жүргізіледі. Егер оның биіктігі және ұшарбастары бір-біріне жеткен болса, ол орманды алқап қатарына қосылады. Егер бойы аласа болса, ол толықтырылады немесе өсіру кейінге қалдырылады, - деді Мәди Нұрпейісов. 

2020 жылы Президент Тоқаев жолдауында 2021-2025 жж аралығында Қазақстанда 2 млрд ағаш отырғызу туралы тапсырма берген болатын. Бұл тапсырманы орындау үшін әр облыс кешенді жоспар бекіткен. 

2025 жылға дейін отығызылатын 2 млрд ағаш ол түріне байланысты 800 мың га болуы мүмкін. Ағаштың жерсінуі әр өңірде әрқалай.  Халықаралық стандарт бойынша ағаштың да өсімталдығы бар. Құмды жерге еккен ағаштың өсімталдығы 50 пайызға дейін, ал топырағы жақсы ШҚО немесе Қостанай облысында ексе 75-80 пайыз болуы мүмкін. Әрі 2 млрд ағаш ол тек орман иеленушілері отырғызатын көлем. Яғни оған қала ішіндегі көгалдандыру кірмейді, - деп толықтырды спикер. 

Оның айтуныша, Экология министрлігінде қала ішіндегі ағаштарды бақылау, қадағадау құзыреті жоқ. Ол құзырет жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне қарайды. 

Былтыр Өсімдік дүниесі туралы заң қабылданды. Соның негізінде жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңға өзгеріс ензіліп, қала ішіндегі ағаштарды еккенде бақылау және қадағалау фукнциясы белгіленді. Ең бастысы ағашты екпей тұрып, ол жерге ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, жұмысты соның қорытындысы негізінде бастауы керек. Бұған дейін көшеттерді шетелден әкеліп отырғызған жағдайлар болды. Пәленбай ақшаға алып келеді, ол өсімдіктер біздің климатқа бейімделмеген. Бүкіл жұмысты дұрыс істеген жағдайдың өзінде табиғи ортаға дұрыс бейімделмегендіктен, ол ағаш өспей қалған кездер көп болды, - деп қосты спикер. 

Бұған қоса, ол заңда жергілікті атқарушы биліктерге бірқатар құзырет беріліп отырғанын атап өтті. Мысалы, ағаш еккеннен кейін тек 2 жылдан соң ғана оны есепке алатын болады. Яғни, оны еккен мердігер сол аралықта өсімдікке жауапты болады. Ол ауырып, қурап немесе өлетін болса, өз есебінен толықтыруға тиіс. 

Бүгінде Қазақстанның орман шаруашылығында 17 мыңға жуық маман бар. 1 шілдеден бастап жалақылары көтерілді. Қазір орманшылардың жалақысы 150 мыңнан 320 мың теңге аралығын құрайды. Әулиекөлде өрттен кейінгі тазалау жұмыстары әлі жүріп жатыр. Семей орманын тазалау жұмысының жоспары бекітілді. Алдымен ағашты тазалау басталады. Одан кейін топырақты зерттеп, тұқым таңдау керек. Жоспар бойынша Семей орманын тазалап, егуге дайындау үшін әзірше 10 жыл уақыт керек деп отырмыз. Егер өз қалпына келу үшін шамамен 50 жыл керек, - деді Мәди Нұрпейісов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама