Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында 8 ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылды

Ювеналды полиция қызметкерлері қолайсыз санатына жататын отбасыларды бақылауды күшейтті

 Динара Амантай 02.11.2023 | 12:25
Жетісу облысында 8 ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылды
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысында 8 ерлі-зайыпты ата-ана құқығынан айырылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшсі.

Ювеналды полиция қызметкерлері қолайсыз санатына жататын отбасыларды бақылауды күшейтті. Өңірде кәмелетке толмағандарды тиісті деңгейде тәрбиелемеу және оларға күтім жасамау фактілерін анықтау бойынша рейдтер жандандырылып жатыр. Биыл 8 ерлі-зайыпты (олардың ішінде жалғызбасты аналар) ата-ана құқығынан айырылды.

Ата-ана құқығынан айырылғандардың барлығы бұрын алкогольді асыра пайдаланғаны анықталып, профилактикалық есепке алынған. Бірнеше рет құқық бұзушылықтың қайталануына жол бергеннен кейін бұл мәселені ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдауға құзырлы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қарастырды, – деді облыстық ювеналды полицияның ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Аида Белгібаева.

Соңғы факт Талдықорғанда тіркелді. Онда асырауында төрт баласы бар 47 жастағы әйел ата-ана құқығынан айырылды. Балалардың екеуі қазір облыстық балалар орталығының бірінде. Анасы өткен жылдан бастап професепте екендігі анықталды және полиция қызметкерлерінің бірнеше рет ескертуін елемей, алкогольді асыра пайдалануды жалғастырып, ата-ана мен бала күтімі талаптарын өрескел бұзған.

Жалпы, жыл басынан бері өңірде кәмелетке толмағандарға қатысты 60 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Олардың 21-і жыныстық қол сұғылмаушылыққа байланысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама