Halyq Uni логотип
×

Қазақстан халқы 20 миллионға қараша айында жетеді

Халықтың табиғи қозғалысы есебінен өсудің ең жоғары қарқыны 3 жылы өңірде артып отыр

 Дәурен Ерболат 02.11.2023 | 11:58
Қазақстан халқы 20 миллионға қараша айында жетеді
фото: ru.pinterest.com

Биыл қарашада Қазақстан халқының саны 20 млн-ға жетеді, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Бюро мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны – 19 млн 967 мың 964 адам. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 млн 387 мың 957, ауыл тұрғындары – 7 млн 580 мың 007 адам. Жыл басынан бергі халық өсімі – 1,02% немесе 201,1 мың адам.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана (4,06%) мен Алматы (2,28%) қалаларында және Маңғыстау облысында (1,94%) тіркелді.

Халық өсімінің биылғы қарқынын ескерсек, 20 млн адам көрсеткіші 2023 жылғы қарашада болады деген болжам бар, - деп жазылған хабарламада.

Халықтың табиғи өсімі есебінен, яғни туу және қайтыс болу деректерін ескергенде, халық саны 194 мың 753 адамға, ал көші-қон өсімі есебінен  6 мың 404 адамға көбейді.

Халықтың табиғи қозғалысы есебінен өсудің ең жоғары қарқыны Түркістан облысында (34 мың 97 адам) байқалды. Шымкент қаласында 19 242 адамға, Алматы облысында 18 251 адамға артты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама