Елімізде жаңа университет ашылуы мүмкін

Дәурен Ерболат

Жұмыс тобы құрылды

Фото: gov.kz

Елімізде қазақ-француз университеті ашылуы мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін президенттер деңгейінде Қазақ-француз университетін ашу мәселесін пысықтау жөнінде мәлімдеме жасалады. Университет Қазақ-неміс университетінің негізінде құрылады. Біз жеке жұмыс тобын құрып, бұл мәселені пысықтаймыз, - деді министр Ақорда кулуарында.

Сондай-ақ Саясат Нұрбек облыстардағы университеттердің әлеуетін күшейту мәселесі талқыға салынатынын жеткізді.

Өңірлердегі жоғары оқу орындарына мықты француз университеттерін тартып, зерттеу кафедраларын ашу мүмкіндігін талқылаймыз. Француз университеттерінің делегациясы келді. Бүгін Алматыда қазақ-француз ректорларының форумы басталады. Ол 3 күн өтеді, - деді ол.