Halyq Uni логотип
×

Еліміздің ұшу қауіпсіздігінің деңгейі артты

Бұған қоса қазір қазақстандық әуе компаниялары үшін Еуропаға ұшуға шектеу жоқ

 Қымбат Елтайқызы 18.05.2022 | 11:00
Еліміздің ұшу қауіпсіздігінің деңгейі артты
фото: Halyq Uni

2022 жылғы 17 мамырда Брюссель қаласында (Бельгия) Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің авиациялық билік орындары басшыларының қатысуымен Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің отырысы өтті. Онда Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы ахуалы және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі есебі тыңдалды, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі саласындағы ілгерілеуі мен қабылдап жатқан шаралары туралы баяндады. Сондай-ақ қазақстандық тарап Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) аудиторларының ИКАО-ның үйлестірілген валидациялық миссиясы (ICVM) шеңберінде тәуелсіз тексеруі туралы хабардар етті. Онда Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 74%-дан 84%-ға дейін арттырды. Бұл орташа әлемдік көрсеткіштен 15-ке жоғары.

Еуропалық Одақтың Ұшу қауіпсіздігі комитетінің мүшелері Қазақстан қол жеткізген нәтижелерді жоғары бағалады және Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөніндегі күш-жігерін қолдады.

Бұған қоса қазір қазақстандық әуе компаниялары үшін Еуропа елдеріне ұшуға шектеу жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама