Жәбірленуші заттардың ұрланғанын кеш білген
Елордада 29 жастағы үй қызметшісі құны 1 млн теңге болатын әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен, деп хабарлады Polisia.kz.
Күдік жәбірленушінің отбасындағы үй қызметшісіне түскен.
29 жастағы әйел Астананың сол жағалауындағы үйде жұмыс істеген. Күдікті бір ай бойы пәтерді бақылаған. Осылайша, бір күні қожайынның жоқтығын пайдаланып, шкафтағы алтын сақинаны ұрлаған. Үйдің иесі мұны бірден байқамаған. Алайда жәбірленуші әйел құны 1 млн теңге тұратын алтын сырғалары, сақиналары, білезіктері жоғалғанда ғана дабыл қаққан.
Нұра ауданы полиция басқармасының жедел қызметкерлері ұрлықты кім жасағанын анықтады.
Бүгінде бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдікті кінәсін мойындады. Полиция оның бұрын осындай қылмыстарға қатысының бар-жоғын тексеріп жатыр.