Ол әдіс сыныптағы оқушы санына қарамастан жүргізілмек
Білім және ғылым министрлігіне биылғы жаңа оқу жылынан бастап мектептерде ұлдар мен қыздарды дене шынықтыру және технология сабақтарына бөлек қатыстыру туралы ұсыныс түсіп жатыр екен.
БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, өтініш қабылданған. Енді аталған пәндер бойынша бөлек оқыту сыныптағы оқушы санына қарамастан жүргізілмек.
Одан бөлек, білім беру ұйымдарының директорларын ротациялау да жалғасады. Мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу жұмыстары олардың шаруашылық жүргізу құқығына көшуімен жүргізіледі. Республиканың үздік мұғалімдерінің платформасын құру да жоспарланып отыр.
Комитет басшысы атап өткендей, мектептер де балалар қозғалысын дамытуды жалғастырады. Пікірталас, өзін-өзі басқару апталығы, оқу орындарында театрлар ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының өзін-өзі тануы көтеріледі.
Сонымен қатар, кем дегенде 20 минутқа созылатын күнделікті кітап оқуды ұйымдастыру жоспарланған.