×

БҚО-да қарақшы 85 жастағы әжейді ұрып-соғып, тонап кеткен

Оның алаяқтық, ұрлық, тонау қылмыстарына қатысының бары белгілі болды

 Еркеғали Болатұлы 31.10.2023 | 14:38
фото: Halyq Uni

26 қазанда сағат шамамен 11:30 кезінде БҚО-да белгісіз біреу 85 жастағы зейнеткердің үйінің есігін қағады. Есікті ашқан әжейге бас салып, бірнеше рет соққы жасайды.

Кейін үйге кіріп, үйден жәбірленушінің қызына тиесілі 720 мың рубль ақшасын жымқырып кеткен. Келтірілген залал – 3,5 млн теңге.

Қылмыс туралы ақпарат түсе салысымен оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетіп, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Орал қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстаған.

Тексеру барысында оның алаяқтық, ұрлық, тонау қылмыстарына қатысының бары белгілі болды. Ұрланған ақша жартылай тәркіленді.

Ұсталған азамат Орал қаласы ПБ уақытша-ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігіне («Қарақшылық») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама