×

Биыл елордада «Сергек» камералары 57 мыңға жуық жол ережесін бұзу фактісін тіркеді

Апаттардан қанша адам қаза болғаны да белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 18.05.2022 | 09:35
фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан бері астанада «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің камералары 56 мың 724 жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасын тіркеді.

«Апаттылық талдауына сәйкес, 2022 жылдың басынан бастап Нұр-Сұлтанда 162 жол апаты болды. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 175 адам жарақат алды. Биылғы 4 айда жол қауіпсіздігі желісі бойынша жүргізушілер анықтаған заң бұзушылықтардың жалпы саны 31 мыңнан асты», – дейді қалалық полиция департаменті.

«Сергек» камералары жол-көлік оқиғасын жасауға ықпал ететін құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін тіркеуді жүзеге асырады. Бүгінгі таңда шаһар аумағында 6 мыңнан астам камера орнатылған.

«Жылдамдық режимін арттыру, белгіленбеген жерде тоқтау немесе тұру фактілері жиі кездеседі. Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жылдамдық режимін бұзу, 6 мыңға жуық көліктерді белгіленбеген орында қою ережесін бұзу оқиғалары тіркелді», – дейді тәртіп сақшылары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама