Ұсталғандар өз қылмыстарын мойындады
Бірінші жағдайда жанармай құю бекеттерінің бірінің әкімшісі арызбен жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз біреу өзін тұтынушы ретінде көрсетіп, жасырын түрде сауда-материалдық құндылықтарын ұрлаған.
Екінші арыз – қоғамдық көліктегі ұялы телефон ұрлығы туралы. 121-бағыттағы қоғамдық көлікте белгісіз біреу жолаушының қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Екі қылмыс та бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Текелі қаласының тұрғыны – 21 жастағы А. есімді және Алматы қаласының тұрғыны – 27 жастағы А. есімді азамат ұсталды.
Екі күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ұсталғандар өз қылмыстарын мойындады, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.