Оның дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатыны белгілі болды
Шымкентте сыйлық дүкенінде заңсыз діни мазмұндағы кітаптар сатқан әйел анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Келіншек қаладағы сыйлық дүкендерінің бірінде діни мазмұндағы әдеби кітаптарды сатумен айналысқан.
Полицейлер заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 1-бөлігі («ҚР-ның діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Саудаға шығарылған кітаптар тәркіленді, – делінген хабарламада.
Сот шешімімен сатушыға 120 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.