Halyq Uni логотип
×

Елімізде әйелдер саны ерлерден жарты миллионға көп

1 мың әйелге 946 ер адамнан келеді

 Еркеғали Болатұлы 30.10.2023 | 13:56
Елімізде әйелдер саны ерлерден жарты миллионға көп
фото: catchsuccess.ru

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдердің саны көбірек екенін анықтады.

Нақты айтқанда, елімізде әйелдер саны ерлерден жарты миллионға (536,3 мың адамға) көп.

Пайыздық мәнде ерлердің үлесі 48,6 пайызды (9 324 840 адам), әйелдер 51,4 пайызды (9 861 175 адам) қамтиды. Алдыңғы санақпен салыстырғанда, ерлер саны 1,6 миллионға, әйелдер саны 1,5 миллионға артқан. Мәселен, 1 мың әйелге 946 ер адамнан келеді, – делінген ресми хабарламада.

Бұл ретте тек Қызылорда және Түркістан облыстарында әр 1 мың әйелге сәйкесінше 1006 және 1027 ер адамнан келеді екен.

Бір қызығы, 15-19 және 20-24 жас санаттарындағы әйелдер мен ерлер саны өткен санақ нәтижесінен аз болып тұр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама