Halyq Uni логотип
×

Жазылмайтын дертке шалдыққан қазақстандықтар тиімді әдіспен емделеді

Ауруды уақытында емдемеу мүгедектікке әкелуі мүмкін

 Дәурен Ерболат 30.10.2023 | 13:45
Жазылмайтын дертке шалдыққан қазақстандықтар тиімді әдіспен емделеді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Елімізде псориазға шалдыққан науқастар тиімді медициналық әдіспен емделеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

29 қазанда әлемнің 80-нен аса елінде Халықаралық псориаз қауымдастықтары федерациясының (IFPA) бастамасымен Дүниежүзілік псориаз күні атап өтіледі.

Қазақстанда псориаз диагнозы қойылған 6 242 науқас тіркелген. Олардың шамамен 30%-ында аурудың орташа және орташа ауыр түрлері бар.

2020 жылдан бастап елімізде псориазды емдеу тегін. Науқастар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Пациенттер тиімді гендік-инженерлік биологиялық терапияны тегін алады. Бұл аурудың барлық жағымсыз белгісін жоюға, терідегі псориазды тазартуға, сондай-ақ буындардың зақымдануын болдырмауға септігін тигізеді, - деп жазылған хабарламада.

Псориаз – терінің созылмалы қабыну ауруы. Өкінішке қарай ол жазылмайтын дерт болып саналады.

Сондай-ақ уақытында емделмеу салдарынан бұл ауру буынға әсер етіп, тіпті, оның салдары мүгедектікке әкеп соғуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама