×

Ер адамдар әйелдер вагонының ашылуына шағым түсірген

Олар құқығының бұзылғанын айтқан

фото:rail-news.kz

Қазақстанда әйелдерге арналған пойыз вагондары қызметіне қатысты шағым түсірген жағдай тіркелді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы мәлімдеді. 

«Әйелдерге арналған вагондардың іске қосылуына байланысты құқығымыз шектелді деп шағым жазған ер адамдар болды. Әйелдер арнайы вагондардың болуын қуана қабыл алды. Өз кезегінде ер адамдар да мұндай жаңашылдықтарды қолдауы тиіс. Ұзақ сапар кезінде әйелдерге кеудесін жауып отырып бала емізуге тура келеді. Бұл ыңғайсыздық туғызады», - деді Қайсар Жұмабайұлы.

Ведомство мәліметінше, бүгінде әйелдер вагоны 3 өңірде 8 бағыт бойынша қатынайды.

Атап айтқанда, Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Алматы – Ақтөбе және Нұр-Сұлтан – Шымкент бағыттары.

Еске сала кетсек, өткен жылдың күзінен бастап кейбір пойыздарда тек қана әйелдерге арналған вагондар іске қосылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама