Halyq Uni логотип
×

Костенко шахтасындағы апат: 42 кеншінің мәйіті табылды

Төрт кеншіні іздестіру жұмыстары жүріп жатыр 

 Халық үні 29.10.2023 | 15:36
Костенко шахтасындағы апат: 42 кеншінің мәйіті табылды
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко атындағы шахтадан тағы 4 адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Қазірге дейін қаза тапқандар саны 42 адамға жетті. 4 кеншіні іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсіп, өрт шыққан және кеншілердің қаза тапқан жеріне тексеру жүргізді.

Апатты жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіріп жатыр. Ең қауіпсіз және кеншілер болуы мүмкін ықтимал учаскелер бойынша тау-кен құтқарушыларының өту жолдары пысықталуда. Іздестіру жұмыстары шамамен бір-бірінен 4 шақырым қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесінің ауданында жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының 55 тау-кен құтқарушысы және 15 техникасы жұмылдырылды.

Шұғыл медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін 21 адам және 7 жедел жәрдем техникасы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама