Кәмелеттік жасқа толмағандардан жауап алынып жатыр
Ақмола облысында жоғары сынып оқушылары 10 жастағы оқушыға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
ПД мәліметінше, әлеуметтік желілерде Ақмола облысыосы оқиғаның видеосы тараған. 10 жастағы бала астанаға жақын жердегі мектепке оқиды.
«Полицияға WhatsApp мессенджерінде астанаға жақын жердегі елді мекенде тұратын 2012 жылғы балаға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасалған видеоның тарағаны туралы ақпарат түсті. Осы оқиға бойынша шұғыл тергеу шаралары басталды. Кәмелеттік жасқа толмағандардан жауап алынып жатыр. Оған заңды өкілдері, педагогтар, психологтар мен адвокаттар қатысып жатыр», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Процессуалдық шаралар да қолға алынды.
Тергеу шаралары Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-тармағы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, жас балаға қатысты жасалған әрекет) жүргізіліп жатыр.