Halyq Uni логотип
×

ДСМ дәрігерлер тобы зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсету үшін Қарағандыға аттанды

Апат салдарынан зардап шеккен 15 адам аурухананың токсикология бөлімшесінде емделіп жатыр

 Динара Амантай 28.10.2023 | 13:33
ДСМ дәрігерлер тобы зардап шеккен кеншілерге медициналық көмек көрсету үшін Қарағандыға аттанды
Фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге консультациялық көмек көрсету үшін құрамында токсиколог, травматолог-ортопед және нейрохирург бар жоғары дәрежелі дәрігерлер тобын Қарағандыға жібереді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Зардап шеккен кеншілердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін саланың үздік мамандарын тарта отырып, барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Қазір 18 адам проф. Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оның 17-сі стационарлық емдеуге жатқызылды, ал 1 зардап шегуші амбулаториялық ем алып жатыр, – делінген ведомство хабарламасында.

Жеңіл және орташа ауырлықтағы улы газдармен уланудан зардап шеккен 15 адам аурухананың токсикология бөлімшесінде емделіп жатыр. Бір адам политравмамен реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде, жағдайы ауыр, тұрақты, есінде.

Жағдайы орташа ауырлықтағы тағы бір кенші травматология бөлімшесінде медициналық көмек алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама