Әскери борышын өтегендер ҰБТ іріктеуінсіз оқуға түсіп, шәкіртақы алады
Биыл әскери борышын өтеген 3 мың сарбаз студент атанып, ЖОО грантын жеңіп алды
Былтырдан бастап әскери борышын өтеген сарбаздарға университерде тегін оқу мүмкіндігі берілді. Енді бұл жоба мемлекеттік грант ретінде тағайындалады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілінің айтуынша, Қорғаныс министрлігі сарбаздардың жоғары білім алуына жеңілдіктер жасап отыр.
«Мәжіліс депутаттары бастамасымен қолға алынған Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Үкіметте қаралып жатыр. Құжатқа сәйкес «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда алғаш рет «әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру» бөлігі қарастырылған», - деді Айгүл Төлембаева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Айгүл Төлембаева әскери борышын өтегендерге берілген білім беру жеңілдігі енді заңмен реттелетінін атап өтті. Нәтижесінде бұл жеңілдік 2024 жылдан бастап мемлекеттік грант ретінде тағайындалады.
Бүгінде сарбаздарға ЖОО-да оқуға 100% жеңілдік берілді. Енді мемлекеттік грант тағайындалады және сарбаздарға шәкіртақы төленіп, жатақханамен қамтылады. Мемлекеттік грант ҰБТ есебінсіз беріледі, - деді министрдің кеңесшісі.
Айта кетейік, биыл әскери борышын өтеген 3 мың сарбаз университ грантын жеңіп алды. Оның ішінде 300 грантты әскери оқу орындары бөлді.