Қызылорда облысында ауыл тұрғыны кірпіштен киіз үй тұрғызды (ВИДЕО)
Шебердің еңбегін ауылдықтар ерекше бағалап отыр
Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны кірпіштен киіз үй тұрғызды. Шебер этностильдегі үйді заманауи талапқа сай жасаған, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.
Киіз үйдің іші есіктен төрге дейін ұлттық салт-дәстүрге сай жабдықталған. Үйдің ішіне көне сандық үстінде жиылған жүк, домбыра да қойылған. Этностильдегі үйде асхана, жатын бөлмесі де бар.
Үй иесінің атасы кезінде ағаштан түйін түйген шебер болып, кереге, уық, шаңырақ жасаған. Балаларына да ұсталықтың қыр-сырын үйреткен.
Әулеттегілердің айтуынша, ауылдағы қарашаңырақтың ауласында үнемі киіз үй тұрған. Шебердің еңбегін ауылдықтар ерекше бағалап отыр.
Жастар да қызығады. «Келешекте салуға болады екен» деп олардың да ойында болады. Келіп, көріп кеткендердің. Таңқалған кісілер көп енді. Сырттан да келіп, көріп кеткендер көп. Ішіне енді қолдан келгенше түлкінің, қасқырдың терісін, қазақтың бұйымдарын іліп қойғымыз келеді, - дейді ауыл тұрғыны Кенжегүл Еспенбетова.