Күдікті қамауға алынды
Шымкентте ер адамның өліміне күдікті адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше Әл-Фараби аудандық ПБ-ға Тәуке хан көшесі бойынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қайтыс болған азаматтың жеке басын анықтады. Ол 1969 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Тексеру кезінде екі ер адамның арасында туындаған жанжал барысында жәбірленушінің бас аумағынан алған соққыдан көз жұмғаны анықталды.
Аталған жайт ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен («Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») СДТБТ-ға тіркелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 42 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды, – делінген полиция хабарламасында.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.