Сараптама тағайындалды, полиция тергеу жүргізіп жатыр
Абай облысында төрт бала өрт салдарынан қайтыс болды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 қазанда сағат 10:49-да төтенше жағдайлар қызметіне Аягөз қаласындағы жеке үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы хабар түскен.
6 адамнан тұратын құтқарушылар бригадасы дереу сол жерге барған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін бөлмелердің бірінде 20 шаршы метр жерде жиһаздар мен жеке заттары жанғаны анықталды. Өрт сағат 11:10-да оқшауланып, 11:24-ге толық сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында төрт баланың мәйіті табылды, - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Өлімнің себебі анықталып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалып, полиция тергеу жүргізіп жатыр.