Қайғылы оқиға видеоға түсіп қалған
Ақтауда лифт құлап, 34 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Lada.kz.
Жергілікті полиция мәліметінше, қайғылы оқиға 24 қазанда түнгі сағат 01:10 шамасында №3 шағын ауданда болған.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі бойынша («Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды, - деп жазылған полиция таратқан хабарламада.
Маңғыстау облысы көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі бүгін мекемеге ешкім түспегенін хабарлады.
Бұған дейін Бас санитар дәрігер Ақтаудағы екі баланың өліміне қатысты пікір білдірген еді.