×

«Еңбегі зор»: Сәбиді құтқарған Сәбитті видеоға түсірген әйелге де сый-сияпат жасалды

Ол өзіне ешкімнің алғыс айтпағанына ренжіген еді

 Еркеғали Болатұлы 17.05.2022 | 15:30
фото: nege.kz

Елордада 8-қабаттан құлай жаздаған 3 жасар қызды құтқарып қалған Сәбит пен Сағидың ерлігін видеоға түсірген Бақыт Четеноваға алматылық кәсіпкер мен айтыскер ақын Сара Тоқтамысова сый жасады. Бұл туралы Qazaqstan арнасындағы «1001 түн» бағдарламасында айтылды.

Бірер күн бұрын төртінші баласын дүниеге әкелген Бақыт Четенова әлі перзентханада жатыр. Бағдарламаға телефон арқылы байланысқа шыққан. Сол сәтте ақын Сара Тоқтамысова келіншектің «еңбегі зор» екенін айтып, оған босанған соң жылы жүрсін деп кәжекей сыйлады.

Ал бағдарлама соңында жүргізушілер Бақыт Четеноваға алматылық кәсіпкер қаржылай сыйлық беретінін айтты.

Бұған дейін терезеден құлай жаздаған 3 жасар қызды құтқару сәтін видеоға түсірген ол өзіне ешкімнің алғыс айтпағанына ренжіген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 11 отбасы материалдық көмек алды

Комиссия үйлер мен аула аумақтарын тексеруді жалғастырып жатыр
01.04.2023 | 09:14

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45