Тағы кәмелетке толмаған 2 бала мен 3 ересек адам ауруханаға жеткізілді
Ақтау тұрғыны 2 баланың өлімі үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұралин Баржықов мәлімдеді.
Толығырақ айтқанда, қандала улаймын деп көрші үйдегі 2 баланың өліміне себепші болған әйелге қатысты екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ өзінің де кәмелетке толмаған 2 баласы бар.
Құқық қорғау органдары жақын арада жәндіктерге қарсы дәрілерді анықтау үшін Ақтау базарларын тексермек.
Еске сала кетсек, өткен жұмада кешке тұрғындардың бірі пәтердегі қандаланы улаған. Ол туралы көршілеріне де, пәтер иелері кооперативіне де ескертпепті. Салдарынан жоғары қабаттағы пәтерден уланған 7 адам анықталды. Оның ішінде 2 жастағы және 10 айлық екі бүлдіршін көз жұмып, тағы кәмелетке толмаған 2 бала мен 3 ересек адам ауруханаға жеткізілді.
Жәндіктерді улайтын дәрі Алматы базарларының бірінен алынған. Аты әлі белгісіз. Бірақ пәтердегі ауаның зертханалық нәтижесі бойынша көміртегі тотығы мен аммиак мөлшері шамадан тыс көп болған.
Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова да осы оқиғаға қатысты пікір білдірді