×

Премьер: Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-ші орында тұр

Әрбір әкім өңірдегі жолдардың жай-күйіне тікелей жауапты, дейді Смайылов

 Қымбат Елтайқызы 17.05.2022 | 14:50
фото: ашық дереккөзден

Үкімет отырысында премьер-министрдің айтуынша, ақылы жүйеге ауысып жатқан жолдардың жағдайына қатысты халықтың шағымы бар. Осыған орай «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға жолдарды күтіп-ұстау сапасы мен қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына сәйкес, биыл республикалық маңызы бар жолдардың 91%-ын және жергілікті жолдардың 85%-ын нормативтік жағдайға келтіру жоспарланған. Ол үшін жалпы ұзындығы 4,3 мың км автожолды қайта жаңғырту әрі жаңа жолдар салу бойынша ірі жобалар іске асады. Сонымен қатар жол бойындағы 1 110 қызмет көрсету нысаны тиісті стандарттарға сәйкестендіріледі.

Әлихан Смайылов қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бірқатар проблемалық мәселе бар екенін атап өтті. Олардың ең негізгісі – жолдардың, әсіресе, жергілікті жердегі жолдардың нашарлығы. Дүниежүзілік экономикалық форумның деректеріне сәйкес, Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-ші орында тұр.

Мемлекет басшысы жолдардың нашар жағдайын бірнеше рет айтты. Әрбір әкім өңірдегі жолдардың жай-күйіне тікелей жауапты екенін атап өткім келеді, — деді үкімет басшысы.

Жол сапасы әкімдердің рейтингіне тікелей әсер ететін болды. Қазақстанда жол саласындағы мамандардың тек 10%-ның кәсіби білімі бар. Петропавлда жарты миллиард теңгеге жөнделген көпірден тағы да ақау шықты. «Жетіскеннен джип мініп жүрген жоқпыз». Жолы тозған, егін еге алмайтын Ақтөбе ауылы туралы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23