Ақмола облысында жолдарды қар басып қалды (ВИДЕО)
Жүргізушілер жолда сақ болуға тиіс
Ақмола облысында тәртіп сақшылары қар басқан жолдарды видеоға түсірді, деп хабарлады Polisia.kz.
Өткен демалыс күндері патрульдік полиция батальоны мен рота нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істеген. Себебі температураның күрт төмендеуі және қар аралас жаңбыр жол қозғалысын айтарлықтай қиындатқан.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка, Петропавл-Астана жолдарында көлік қозғалысы шектелді.
Демалыс күндері өңірде 30-ға жуық көлік апаты болған.
Полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға, көлікті қысқа дайындауға шақырады.