Halyq Uni логотип
×

Президент олимпиадасына 400-ден аса оқушы қатысып жатыр

Жеңімпаздар университетте тегін оқу мүмкіндігіне ие болады

 Дәурен Ерболат 23.10.2023 | 16:49
Президент олимпиадасына 400-ден аса оқушы қатысып жатыр
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Елімізде Президент олимпиадасының екінші кезеңі басталды, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Өңірлерде жаратылыстану-математика пәндері бойынша Президент олимпиадасының екінші (іріктеу) кезеңі басталды. Іріктеу кезеңіне білім беру ұйымдарының 11 (12) сыныптарынан 446 оқушы қатысты. Олимпиада шарты негізінде әрбір қатысушы 4 пән (математика, физика, химия және биология) бойынша берілген тапсырмаларды орындады.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сондай-ақ олар еліміздің жоғары оқу орындарында оқуға арналған білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алады.

Айта кетейік, жаратылыстану-математика пәндері бойынша Президент олимпиадасы 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.

Олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі 3 қазанда өтті. Оған 2 933 оқушы қатысты. Олимпиаданың республикалық кезеңі қарашаның екінші онкүндігіне жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама