Halyq Uni логотип
×

Ақтауда қашып кеткен сарбаз өз еркімен полиция бекінісіне келді

Қазір қызметтік тексеріс жүргізілуде

 Динара Амантай 17.05.2022 | 14:18
Ақтауда қашып кеткен сарбаз өз еркімен полиция бекінісіне келді
Коллаж: Halyq uni

Ақтауда жоғалған әскери қызметкерді іздеу аяқталды: ол өз еркімен оралды. Бұл туралы «Батыс» ӨҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

17 мамырда сағат 07:15 шамасында 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Бағлан Әділбеков Ақтау қаласындағы полиция тірек пунктіне өзі келген.

Қатардағы жауынгер Әділбеков Б.Б. ата-анасымен кездесті. Қазір қызметтік тексеріс жүргізілуде, – деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетсек, Бағлан Әділбеков 4 мамыр күні кешкі сағат 22.35-те Ақтаудың  4-ықшамауданында патрульдеу кезінде кезекшіліктен кетіп қалған.

Ол 2003 жылы Ақтөбе облысы Қарағалы ауданындағы Бадамша ауылында туған. 

Қатардағы жауынгер Б.Әділбеков 2021 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы арқылы әскерге шақырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама