Оның небәрі 1 жылда қатты арықтап, арбада отырғанын көрген жұрт та көздеріне жас алды
Ақын әрі айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман соңғы бірнеше жылын денсаулығына арнап, тіпті шетелде ем қабылдаған еді. Бүгінде ауыр оталарды бастан өткеріп жүдеген кейпі көпшіліктің көңілін түсірді.
Ақындар айтысында қонақтар қатарында көрермен болып отырған 72 жастағы ақынның осыған дейінгі айтыс өнеріне сіңірген еңбегі ескеріліп, сөз берілген сәтте көзіне жас үйірілді.
Осы орайда Жүрсін Ерманның небәрі 1 жылда қатты арықтап, арбада отырғанын көрген жұрт та көздеріне жас алған. Қазір көпшілік оған денсаулық тілеп, рухани, психологиялық қолдау көрсетуге тырысып жатыр.
Сонда сөйлеген сөзімде «Соңғы 50 жылға жуық жасаған қызметі үшін Жүрсін ағамызға айтыс та, яғни қазақ та қарыздар» дедім. Артық кеттім деп ойламаймын. Қолдарсыздар. Ағамыздың денсаулығы да әлі толыққанды тәуір емес. Дегенмен жігері мұқалмаған, - деп жазды кәсіпкер Дулат Тастекеев өзінің facebook-тегі парақшасына.