Halyq Uni логотип
×

Жеке тұлғалардың банкроттығы: Қаржы министрі заң жобасына өзгерістер енгізуді ұсынды

Қазақстанда 8 млрд теңгеден аса қарызы бар 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылған

 Дәурен Ерболат 20.10.2023 | 11:44
Жеке тұлғалардың банкроттығы: Қаржы министрі заң жобасына өзгерістер енгізуді ұсынды
көрнекі фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жеке тұлғалардың банкроттығына өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің пікірінше, несие проблемасын шешу үшін жеке тұлғалардың банкроттығы мен төлем қабілеттін қалпына келтіру рәсімін қайта қарау керек.

Мұнда сұранысқа ие рәсім – соттан тыс банкроттық. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша ғана қолдануға болады.

Биыл 3 наурыздан бастап бізге 68 мыңнан аса өтініш түсті. Оның 55 мыңы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталды. Негізгі себептері: мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзімі бойынша сәйкессіздік және кредитормен борышты дұрыс реттемеу. Салдарынан бүгінде 8 млрд теңгеден аса борышы бар 5,6 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды.

Сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін соттарға 1,2 мыңға жуық қазақстандық жүгініп, 35-тен аса банкроттыққа қатысты шешім шығарылды, - деді Ерұлан Жамаубаев Мәжілістегі парламенттік тыңдауда.

Алайда жекелеген борышкерлер кейбір кедергілердің салдарынан банкроттық рәсімін пайдалана алмай отыр.

Осыған байланысты вице-премьер төмендегі нормаларды енгізуді ұсынды:

  • Соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізбесін кеңейту;
  • Азаматтарды соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішке қосымша құжаттар беруден босату;
  • Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін негіздерден өтініш берушінің 12 ай ішінде кредиторлар алдында өтеудің болмау фактісін растауды алып тастау;
  • Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама