×

Алаяқтар жасанды интеллект көмегімен президенттің атынан жарнама жасап жүр (ВИДЕО)

Илон Маск пен ҚР Үкіметі бірлесіп, белгілі бір инвестициялық платформа әзірлемеген

 Еркеғали Болатұлы 19.10.2023 | 13:58
фото: akorda.kz

Әлеуметтік желілерде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Илон Маск жаңадан жасаған инвестициялық платформаға қаржы салуға үндейтін видео тарап жатыр.

Stopfake.kz мамандары видеоны дипфейктің онлайн детекторы көмегімен тексеріп, оның нейрожелі арқылы жасалғанын анықтады. Сондықтан мұндай хабарламаға сенудің қажеті жоқ.

Бірде-бір БАҚ-та Илон Маск пен ҚР Үкіметі бірлесіп, белгілі бір инвестициялық платформа әзірлегені туралы ақпарат жоқ. Бұл жөнінде ҚР президентінің ресми сайтында да жазылмаған.

Таралған хабарламаға сенбеген жөн. ҚР президентінің видеосы – дипфейк, ал Илон Маскта инвестициялық платформа жоқ, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның кедендегі жемқорлықпен жасанды интеллект арқылы күрескелі жатқанын жазған болатынбыз. Демек бұл – заманауи жаңа әдіс біздің қоғам өмірінде де қолданыла бастады деген сөз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама