Halyq Uni логотип
×

Депутат Азиада нәтижесін сынады: «Министрлікті спорттан хабары жоқ шенділер басқарып келді»

Мәжіліс депутаты Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады

 Дәурен Ерболат 18.10.2023 | 17:50
Депутат Азиада нәтижесін сынады: «Министрлікті спорттан хабары жоқ шенділер басқарып келді»
көрнекі фото: akorda.kz

Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль иеленді. Спортшыларымыз нысана көздеу, ескек есу, веложарыс, джиу-джитсу спортынан үздік шықты. Алайда, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-орын алып, Солтүстік Корея, Бахрейн, Тайланд секілді елдерден төмен нәтиже көрсетті.

Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов Азия орындары Қазақстан үшін сәтсіз аяқталғанын, спортта шешімін таппаған күрделі мәселелер барын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Данияр Қасқарауов депутаттық сауалын премьер-министрі Әлихан Смайыловқа жолданды.

Соңғы Азияда ойындарындағы еліміздің көрсеткіші көңілімізге қаяу түсірді. Бұл жерде спортшыларды даттаудың қажеті жоқ. Барын салған спортшы ұл-қыздарымызға тек алғыс айтамыз. Дегенмен ХІХ Азия ойындарында 10 алтын медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасының бұл көрсеткіші спорт жанкүйерлерінің көңілінен шықпады. Төрт жылда бір өтетін Азиада додасы біз үшін сәтсіз аяқталды, - деді Данияр Қаскарауов.

Депутат Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық есепте Солтүстік Кореядан кейінгі орын алуы «намысқа» тиетінін жеткізді.

«Өте төмен көрсеткіш. Бұрын ұлттық құраманың қоржынына кемі 15 алтын түсетін. Үздік ондықтан төмендеген емеспіз. Әрдайым 4-5 орындарды иемденіп келдік. Осы жолы өзбек бауырларымыздың жетістігіне қызыға қарадық. Тіпті, біз Солтүстік Корея, Тайланд, Бахрейн сияқты шағын елдерден қалып қойдық.

Әрине, мәселенің түбі саладағы жүйелі проблемаларда екені анық. Осы Азия ойындарында 530-дан аса спортшы қатысты. Оған ұйымдастырушылар, бапкерлер мен федерация мүшелерін қосқанда мыңдаған азамат барды. Сан бар, бірақ сапа қайда?», - деді ол.

Данияр Қасқарауов Үкімет басшысы төмендегі мәселелерге назар аудару керек деп санайды:

Біріншіден, соңғы жылдары спорт министрлігін мүлдем спортқа қатысы жоқ кәсіби спортты тек теледидардан көретін лауазымды шенділер басқарап келді;

Екіншіден, спорт ұйымдары, министрлік, Ұлттық олимпиада және федерациялар арасында байланыс жоқ.

Үшіншіден, легионерлер. Елімізде үздік нәтижеге қол жеткізу үшін барын салып, еңбек етуге әзір өз спортшыларымыз жетерлік. Легионерлерге иек арта бармей, өзіміздің спортшыларға жол ашу керек.

Төртіншіден, ауылдарда кәсіби спорт жоқ деуге болады. Таланттар жетеді - бірақ, инфрақұрылым жоқ. Ашығын айтқанда, мемлекеттен бөлініп жатқан қаражат орынсыз жұмсалып жатыр. Жалақысы аз бапкерлер, спорт мамандары мен спортшылардан үздік нәтиже күту үшін, тиісті жағдай қашан жасалады?

Жазғы Азиада қорытындысы бойынша командалық есеп төмендегідей:

  • Қытай: 201-111-71 (383);
  • Жапония: 52-67-69 (188);
  • Оңтүстік Корея: 42-59-89 (190);
  • Үндістан: 28-38-41 (107);
  • Өзбекстан: 22-18-31 (71);
  • Қытайлық Тайпэй: 19-20-28 (67);
  • Иран: 13-21-20 (54);
  • Тайланд: 12-14-32 (58);
  • Бахрейн: 12-3-5 (20);
  • Солтүстік Корея: 11-18-10 (39);
  • Қазақстан: 10-22-48 (80).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама