×

Қарағанды облысында тұрғындардан ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды

 Динара Амантай 18.10.2023 | 16:19
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында тұрғындардан ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қарағанды облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына белгісіз адамдар 18-20 жас аралығындағы 3 азаматтан ақша мен мүлік бопсалады деген ақпарат түскен. Күдіктілер жәбірленушілерге күш қолдану арқылы 27 және 57 мың теңге шағын несие рәсімдетіп, сонымен қатар 850 мың теңгеге тауарлық несие алдырып, кейін несиеге алынған телефонды өздері тартып алған. Аталған дерек бойынша полицияда ҚР ҚК-нің 194-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісі қызметкерлері бірлескен жұмыстарының нәтижесінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 18-20 жас аралығындағы 3 азамат ұсталды. Ұсталғандардан айғақ заттар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілердің бірінен тапанша алынды. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Адилов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама