×

Ажар Ғиният ӘМСҚ басшылары бонус алмағанын мәлімдеді

Қордың топ-менеджерлері Дәрігерлер күні мен Республика күнінде 300 мың теңгеден сыйақы алған

 Дәурен Ерболат 18.10.2023 | 13:42
Ажар Ғиният, фото: Halyq Uni

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) басшылық құрамына былтыр жыл соңында бонус берілмегенін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысы былтыр ӘМСҚ директорлар кеңесі қордың басшылық құрамына қосымша төлемақы бермеу жөнінде шешім қабылдағанын атап өтті.

«2022 жылы директорлар кеңесі ешқандай қосымша төлемақы алмады. Сіздерге ресми ақпаратты ұсына аламын. Ресми тұлға ретінде бұл жалған ақпарат екенін айтқым келеді. Себебі, 98 млн теңге қордың топ-менеджментіне жалақы, демалыс, емдеу жәрдемақы түрінде қарастырылған. Былтыр олар бонус алмады. Өйткені, директорлар кеңесі осындай шешім қабылдады», - деді Ажар Ғиният Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Министрдің айтуынша, ӘМСҚ басшылық құрамы жылына 600 мың теңгеден бонус алған.

Қордың топ-менеджерлері екі рет – Дәрігерлер күні мен Республика күнінде 300 мың теңгеден алды, - деді басшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама