Halyq Uni логотип
×

Алматыда алаяқтар көлік бөлшектерін заңсыз сатқан

Олар «Тойота», «Хонда» сияқты танымал брендтердің бөлшектерін сатумен айналысқан

 Қымбат Елтайқызы 17.05.2022 | 09:59
Алматыда алаяқтар көлік бөлшектерін заңсыз сатқан
фото: Halyq Uni

Алматыда жалған автокөлік бөлшектері қоймасы жойылды.

«Алматыда бір топ азамат танымал брендтердің атын жамылып, жалған көлік бөлшектерін сатумен айналысқан. Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам сомаға «Тойота», «Хендэ», «Хонда» сауда белгілерімен жалған автобөлшектер қоймасы жойылды», – дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттіктің Алматы қаласындағы аумақтық департаменті қалалық прокуратураның координациясымен жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Анықталғандай, контрафактілік қосалқы бөлшектер фирмалық қораптарға салынып, кейін Қазақстанның көлік базарларына таратылған. Жалпы, тергеу шаралары қорытындысы бойынша, 106 мыңға жуық жалған автокөлік бөлшегі тәркіленді, – дейді ҚМА.

Қазір іс сотта қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама